«World Association of Newspapers and News Publishers» (WAN-IFRA) Дүниежүзілік жас оқырмандар сыйақысына (World Young Reader Prizes) үміткерлер іздеуде. Байқауға жастар аудиториясымен жұмыс істеп, үздік нәтижеге қол жеткізген БАҚ қатыса алады.
Сайыс тоғыз аталым бойынша өтеді: digital first, «Еркін оқыту», ең үздік бренд, мақала, білім беру туралы жаңалықтар, қоғамдық қызметтер және т.б.
Жеңімпаздар қыркүйек айында Үндістанда өтетін 67-ші дүниежүзілік WAN-IFRA газет конгресінде марапатталады.
Өтініштер 5 мамырға дейін қабылданады, деп хабарлайды ijnet.org.
ФОТО: www.vezha.org