«Түнгі студияда» - Арман Давлетьяров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Арман Давлетьяров

16.04.2015
«Түнгі студияда» - Арман Давлетьяров

Арман Давлетьяров – мектепті үздік бітіріп, бала кезінен заңгер болуды армандаған.  30 жылдан бері Мәскеуде тұратын ол бүгінде  танымал Ресей продюсері, «МУЗ-ТВ» музыкалық телеарнасының және дәстүрлі «МУЗ-ТВ» музыкалық жүлдесінің бас директоры.

Айта кету керек, биылғы «МУЗ-ТВ»  жүлдесі 5 маусым күні Астанада өтеді. Шара аясында «Қазақстанның үздік әртісі» анықталады.  Арман Давлетьяров бұған дейін Ұлттық арнаның мерекелік бағдарламаларына қатысып, «Сенбілік кездесу» хабарында қонақта болды.

Мәскеуді бағындырған қазақ баласы «Мәскеулік Шыңғысхан» атағын да иеленген. Бүгін «Түнгі студиядан» Арман Давлетьяровтың қызыққа толы сұхбатын сағат 23.45-те көре аласыздар.   

Хабарламаларға жазылу