«Сенбілік кездесуде» - Арман Давлетьяров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - Арман Давлетьяров

30.05.2015
«Сенбілік кездесуде» - Арман Давлетьяров

30 жылдан бері Мәскеуде тұратын қазақ баласы Арман Давлетьяров – ресейдің танымал продюсерлерінің бірі. «МузТВ» музыкалық телеарнасының және «МузТВ» музыкалық жүлдесінің бас директоры.

Музыка саласында жүрген Арман бала кезінен заңгер болуды армандаған екен. Мәскеуде жүріп, талай биікке қол жеткізген қазақ баласы бүгінде «Мәскеулік Шыңғысхан» атанған.

Бұдан бұрын бірде бір рет сұхбат беріп, телеэкраннан көрінбеген Арманның анасы Айман апай бүгін «Сенбілік кездесу» хабарында ұлы туралы не айтады?

Байғали Серкебаев пен танымал әнші Томас Невергрин Арман туралы қандай сырларын ашады? Бүгін 21:00-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу