Саны азайып бара жатқан дала құсы – үкінің қасиетін абзал аналарымыз өзінше бағалаған. Осы орайда Зейнеп Ахметованың да үкінің қасиеті туралы қызықты мәліметтері бар.
«Соңғы кездері қыз бала тұрмысқа шығарда қолына гүл ұстап тұратын болды. Бұл соңғы бірнеше жылда ғана шыққан дүние. Кейін той үстінде жаңағы гүлін соңында тұрған тұрмыс құрмаған қыздарға лақтырады. Ал, олардың улап-шулап әлгі гүлге таласуы – қазақ қыздарына жат нәрсе.
Мұндай салт қазақта да болған. Қыз бала ұзатыларда басына таққан үкісін соңынан ерген сіңлілеріне бөліп беріп кеткен. Неге осы дәстүрді қайта жаңғыртпасқа?!
«Өсіп келе жатқан ұрпаққа тілерім – жұптасқаннан кейін бір-біріне ауадай қажет, оттай опалы, жердей қасиетті болса екен деп тілеймін»,-дейді Зейнеп Ахметова.