Зейнеп Ахметова оқушылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнеп Ахметова оқушылармен кездесті

22.02.2017
Алматыдағы «Назарбаев» зияткерлік мектебінде жазушы әрі қазақы дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметованың оқушылармен кездесуі өтті.

Жиында жастарға үлгі-өнеге беру мақсатында көптеген орынды әңгімелер айтылды. Зейнеп Ахметованың айтуынша, білгенді айта жүру, үйрете жүру - ол үлкендердің басты міндеті. Салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, ана тілі сақталған ұлттың ертеңі жарқын болмақ.

Ынталы жастар батыр Бауыржан Момышұлының көзін көріп, тәлімін алған келініне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.


Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу