Зейнеп Ахметова: Қыздары тексіз елдің іргесінен ырыс кетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнеп Ахметова: Қыздары тексіз елдің іргесінен ырыс кетеді

03.07.2015
Зейнеп Ахметова:  Қыздары тексіз елдің іргесінен ырыс кетеді

Еліміздегі  басты мейрамдардың  бірі Жеңістің 70 жылдығы.  Әңгімесін осы тақырыптан бастаған Зейнеп Ахметова: «Қазақстанда соғыстың зардабын тартпаған бірде бір отбасы жоқ. Аталарымыздың қанымен, аналарымыздың маңдай терімен келген Жеңіс  солардың  арқасы екенін түсінуіміз керек. Қазақстанның қай түкпіріне барсаң да, «Біздің Баукең»,-дейді.  Өйткені, қазақ атамды бөлген жоқ, ата қазақты бөлмеді.

Ата туралы түрлі спектакльдер қойылып, фильмдер түсірілуде, көше  атаулары бар. Естуімше, биылдың өзінде тағы төрт  мектепке атаның есімі беріліпті. Бірақ, атаның әскери ғылымы біздің әскерилердің арасында жақсы жүріп жатқан жоқ. Керісінше, Түркия, Израиль, Куба сынды мемлекеттерде сабақ ретінде оқытылуда.  Ал, біздің елде заңды түрде тереңдетіліп оқытылып жатқан жоқ»,-дейді.

Зейнеп апай сұхбат барысында қыз бала тәрбиесі жөнінде де біраз тұщымды ойларымен бөлісті. «Бүгінгі қыз бала ертеңгі біреудің оң жағын қызартып, отау тігетін келіні. Одан кейін ақ жаулықты ана болады. Ары қарай  бір әулеттің ұрпағын тәрбиелейтін әже міндеті мойнында. Қыздары тексіз елдің іргесінен ырыс кетеді. Біз ел боламыз десек, қазақтың қазақтық қасиетін сақтаймыз десек, ең алдымен қыздарымызға жақсы тәрбие беруіміз керек»,-дейді жазушы.

«Атаның ұлағатты сөзі бар. «Халықпен бірге жүріңдер, жалғыздық көрмейсіңдер. Халықтың жолымен жүріңдер, адаспайсыңдар»,-деген.  Ылғи да халықпен бірге, қарапайым, халықтан төмен болуға тырысамыз. Бастысы, халқым аман болсын»,-деді Зейнеп Ахметова.

 Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу