«Таңшолпан». Зейнеп Ахметова: Балаға қатыгездік емес, қаталдық керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Зейнеп Ахметова: Балаға қатыгездік емес, қаталдық керек

03.11.2017

Жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова Алматы студиясының төрінде қонақта болды. Ұлы тұлға Бауыржан Момышұлының келіні қазақ салт-дәстүрлерінің насихаттаушысы. Ел анасы бала тәрбиесіне қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

«Баланың тәрбиесін бір ережеге сала алмайсың. Ең алдымен, «басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» дегім келеді. Сондықтан, ананың ақ сүтімен сіңетіні - тәрбие. Ата-ана тәрбиесі баланың бүкіл болмысына әсер етеді.

Кейбір ата-аналар «өзімізде болған жоқ» деп, баласын «үлпілдетіп», айтқанын орындап, өсіреді. Сонда бұл баланың мінезі ата-ана тек қаржы көзі ретінде, тұтынушы ретінде қалыптасады. Басына іс түскінде ол бала жол таппай, іс-қимыл жасай алмай қалады.

Кей кезде балаға қаталдық керек. Бірақ, қатыгездік емес. Оның арасы жер мен көктей. Бала қорыққанынан бағынады. Бірақ, іштей қарсылық өсе береді. Тек ата-ана емес, қоғамға деген қатыгездігі өршиді. Сондықтан, ең бастысы ата-ана баламен дос болуы керек. Ол баланың немен айналысатынын, достарын білуі керек. Балаға көңіл бөліп, оған қамқоршы, ақылшы болу қажет», - дейді жазушы.

Хабарламаларға жазылу