«Елбасын сайлау – әншейін сайлау өткізу үшін емес, елді бірлікке шақырып, жұртты еңбекке ұйыту үшін болса ғанибет», - деп келтіреді Елбасы сөзін Ақорданың твиттердегі парақшасы.
«Көшедегі қарабайыр саясатшылдық пен тек сайлаудан сайлауға дейін өмір сүру ақылды елдің жолы емес. Саяси мәдениетсіз сайлаудың салдарын көптеген елдердің қазіргі ахуалынан бағамдауға болады, - деді сөзін жалғастырған Н.Назарбаев.
Айта кету керек, бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Нұр Отан» партиясының XVI съезінен арнайы хабарды сағат 21:30-да тамашалай аласыздар.