Полиция сапында қызмет ету - абырой - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция сапында қызмет ету - абырой

23.06.2020

Төтенше жағдай кезінде медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, әскерилермен қатар полиция блокбекеттерде тәулік бойына өз міндеттерін мүлтіксіз орындап, қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті. Ол үшін бес мыңнан астам полиция қызметкері тартылды. Тәртіп сақшыларының індетке қарсы күресте атқарған еңбегі ерен. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Сағидолла Сиязханов та карантин кезінде дамыл таппай жұмыс істеген жандардың бірі. Блокбекеттерде күндіз-түні кірпік қақпай, елдің қауіпсіздігін күзеткен. Қазір де саябақ аумағын торуылдап, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жүр.

Қуан НҰРАҚЫН


Хабарламаларға жазылу