Елбасы Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады

27.07.2014
Елбасы Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы  Нұрсұлта Назарбаев бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша кәсіпқойлар арасындағы Әлем чемпионы атағын қорғап қалғаны үшін Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады

Елбасы Геннадий Головкиннің жеңісі боксты сүйетін көпшілік қауым және барша қазақстандық жанкүйерлер үшін тамаша тарту болғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Лайықты қарсыласпен адал бәсекеде сен жауынгерлік мінез, қайсар рух танытып, дайындығыңның мықты екенін көрсеттің, өзіңнің үздік екеніңді тағы да дәлелдедің, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі абырой-беделін арттырдың. Біз сенің жеңісіңді мақтан етеміз», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға денсаулық, бақ-береке және кәсіби рингтегі алдағы бәсекелерде жарқын жеңістер тіледі.

Хабарламаларға жазылу