Жамбыл облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

03.03.2014
Жамбыл облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы мен микроавтобус соқтығысып,  9 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға кеше Алматы-Ташкент тасжолының  бойында болған.

 
Қайтыс болғандардың 8-і - Қырғыз Республикасының , ал біреуі - Қазақстан азаматы. Сонымен қатар, түрлі жарақаттармен 11 жолаушы ауруханаға жеткізілді, олардың арасында Өзбекстан мен Қырғыз Республикасының азаматтары да бар.
 
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғыз елінің екі азаматы ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазір апаттың себептері мен кінәлілер анықталуда.

Хабарламаларға жазылу