«Әнші үшін жаңалық бұл – жаңа ән ғой. Менің де жаңа әндерім бар. Солардың бірі - Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған, Кеңес Дүйсекеевтің әні – «Жан әке». Бүгін Қазақ радиосы арқылы тыңдармандарыма ұсынамын»,-дейді ол.
«9 мамырда дүниеге келгеннен кейін әкем мен атам есімімді Жеңіс деп қойыпты. Есімімнің өміріме әсері болды. Ең үлкен жеңісім деп – отбасым мен өнерде жүргенімді айтар едім».
Алдағы жоспарларымен бөліскен әнші Жеңіс Ысқақова: «Жеңістің 70 жылдығына тарту жасамақ ниетіміз бар»,-дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.