Жеңіс Сейдоллаұлы астаналықтарға «Саған әнім» атты кеш ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіс Сейдоллаұлы астаналықтарға «Саған әнім» атты кеш ұсынады

31.10.2018

Әнші, композитор Жеңіс Сейдолла «Таңшолпанның» төрінде қонақ болып, өнердегі, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

Жеңіс Сейдолла:

Биыл Астананың 20 жылдығына орай көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Соның ішінде менің де үлесім бар. Ертең «Қазақстан» орталық концерт залында «Саған әнім» атты шығармашылық ән-кешім өтеді. Бұл Елордада өтетін алғашқы концертім. Кешке жақсы шеберлер, әріптестерім, достарым қатысады. Концерт жанды дауыста өтеді.

Соңғы кездерде әншілердің фонограммамен айтатыны туралы жиі айтылады. Мұны дерт десе де болады. Әншілердің жанды дауысты ән айтуы – халық алдындағы жауапкершілігі. Болашақта еліміздің үлкен сахналарында фонограммамен ән айтылмайтыны туралы айтқымыз келеді. Кейіннен облыс, аудандарға тарайды деп олаймыз. Әншілер дұрыс ән айтып, репертуар таңдай білгені жөн. Олар халық алдында шынайы болуы керек. Жанды дауыста ән айтуды дағдыға айналдыру қажет.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу