Әскерилер олимпиадашыларға жеңіс тіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер олимпиадашыларға жеңіс тіледі

07.02.2014
Әскерилер олимпиадашыларға жеңіс тіледі
«Олимпиядаға қатысушылар, біз Сіздермен біргеміз!». Бүгін осындай атаумен Ішкі әскер қолбасшылығы патриоттық іс-шара өткізді. Мақсат - Сочиде ел намысын қорғайтын ұлттық құрамаға қолдау көрсету және әскери қызметшілердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
 
Салтанатты шара барысында мекеменің ән-би ансамблі өз өнерін көрсетіп, тілекші екендіктерін әнмен жеткізді. Айта кетейік, Олимпиадаға қатысатын 52 спортшының 13-і осы Ішкі әскерлер комитетінде қызмет атқарады.
 
Олардың арасында жүлдеден үмітті Елена Хрусталева, Алексей Полторанин және мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен бар.
 
Мұқаметқали Сатов, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері бас қолбасшысының орынбасары:
Біз өз спортшыларымызды қолдаймыз. Үлкен жетістіктерге жетіп, Қазақстанның Туын биікке көтерсін. Біз Қазақстан халқы спортшыларымызбен біргеміз.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу