13 ақпан күні Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Гүлмира Саринаның «Ән-домбыра – жан серігім жасымнан» атты шығармашылық кеші өтеді. Сонымен қатар, концертте елге танымал әншілер де өнер көрсетеді.
Әншінің репертуарында халық әндері мен халық композиторларының әндері басым. Сондай-ақ, эстрадалық бағытта да ән салатын Гүлмираның «Сағыныш», «Әкеме», «Ән болып жаралдың», «Жалт-жұлт еткен дүние-ай», «Туған жер», «Аягөз ару», «Қайырлы таң», «Есіл-Нұра - егізім» әндері халық арасында аса танымал.
Кештің басталуы 18.30.
Біздің анықтама:
Гүлмира Сарина – 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алғашқы ұстазы өзінің ағасы – Ербол Сарин. Одан кейін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында Қайрат Байбосыновтан дәріс алған.
1999 жылы «Шабыт» фестивалінің лауреаты, 2002 жылы Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылар байқауының лауреаты атанған. Репертуарында мыңға жуық ән бар.