Ертең «Таңшолпанға» Гүлмира Сарина келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Таңшолпанға» Гүлмира Сарина келеді

20.10.2014
Ертең «Таңшолпанға» Гүлмира Сарина келеді

25 қазан күні Астанадағы «Қазақстан» орталық  концерт залында  әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Саринаның  «Ән-домбыра – жан серігім жасымнан» атты жеке концерті өтеді.

Дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген әншінің өнер жолында жүргеніне 20 жылдан асты. Осы уақытқа дейін мыңға жуық әннің орындаушысы атанған ол бір сөзінде: «Мектептегі музыка пәнін кәсіби әншілер оқытса, өнерге құштар, икемі бар жастар ерте кезден қалыптасады», -деген еді.

Әнші ертең Ұлттық арнадағы «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасында қонақта. Қояр сауалдарыңыз болса, тікелей эфирге хабарласуға немесе #tankaz хэштегімен  Twitter әлеуметтік желсісі арқылы сауал жолдауға мүмкіндік бар.

Хабарламаларға жазылу