Қарағандыда әнші Гүлмира Саринаның ән кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда әнші Гүлмира Саринаның ән кеші өтті

15.02.2015
Қарағандыда әнші Гүлмира Саринаның ән кеші өтті

Қарағанды қаласындағы Кеншілер Мәдениет сарайында әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Саринаның «Ән домбыра - жан серігім жасымнан» атты концерті өтті.

Әнші кеншілер шаһарындағы кеште Жақсыгелді Кемалов, Ержан Базарбеков, Сержан Мұсайын, Дәуренбек Әркенов сынды дәстүрлі орындаушылармен «Ән айтыс» ұйымдастырып, тыңдармандарға төл өнерден тарту жасады.  

Сондай-ақ, Тұрсынғазы Рахымов, Ермұрат Үсенов, Есжан Әміров сынды композиторлардың туындылары мен ақын Қалқаман Сарин, Жұлдызай Ысқақтың сөзіне жазылған бірнеше әнді шырқады.

Айта кетсек, өнер иесі қаңтар айында өңірдегі Сәтбаев және Жезқазған қалаларында  ән кешін өткізген.

 

Хабарламаларға жазылу