Қарағандыда жас ақындар мен күйшілердің «АРНА» конкурс-концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жас ақындар мен күйшілердің «АРНА» конкурс-концерті өтеді

24.11.2014
Қарағандыда жас ақындар мен күйшілердің «АРНА» конкурс-концерті өтеді

28-29 қараша күндері Қарағанды қаласындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында  республикалық «Шертпе күй» фестивалі аясында жас ақындар мен күйшілердің республикалық «АРНА» конкурс-концерті өтеді.

Сайысты  «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «САЙГЕЗ» қоры  ұйымдастырып отыр.

Ақындар айтысы мен күйшілік өнерді дәріптеу мен дамыту және қазақ халқының мәдени, рухани мұраларына жастардың қызығушылығын арттыру мақсатындағы шараның бірінші күнінде Қазақстанның атақты айтыскер ақындарының шеберлік сабақтары өтеді.

Ал, 29 қараша күні республикалық «Шертпе күй» фестивалі аясында жас ақындар мен күйшілердің республикалық «АРНА» конкурс-концерті өтеді.

Айтулы шараға елімізге танымал айтыс ақындары, күйшілер қатысады.

Хабарламаларға жазылу