28 қаңтарда Бейбітшілік пен келісім сарайының сахнасында «Астана Балет» театрының ұсынуымен «Ғасырдан ғасырға» классикалық хореография кеші өтеді. Екі бөлімнен тұратын балет кеші хореографияның үш ғасырын қамтиды.
Бағдарламаны «Корсар» балетінен «Жаңғырған бақ» көрінісі және Михаил Фокин мен Анна Павлова қойған хореографиялық миниатюралар құрайды.
Классикалық хореография кешінде көпшілік назарына ХХІ ғасырдағы дарынды бишілердің орындауындағы ХIХ және ХХ ғасырлардағы танымал шығармалар ұсынылатын болады.