Алматыда Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай ән кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай ән кеші өтті

21.05.2015
Алматыда Тұманбай Молдағалиевтің туғанына  80 жыл толуына орай ән кеші өтті

Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай ән кеші өтті.  

Мерекелік кеште эстрада әншілері Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған махаббат пен сезімге толы әндерді нақышына келтіре орындап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Зиялы қауым өкілдері ақын Тұманбай Молдағалиевтің жан-жақты шығармашылығын сөз етіп, қаламгер өмірі туралы естеліктер айтты. 

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу