Астана қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған Ұлттық студенттер лигасының «Күз – 2014» турнирі мәресіне жетті. Бұл турнирге 15 жоғары оқу орнының үздік командалары қатысты.
Турнирдің жеңімпаз атанған – Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті денешынықтыру және спорт мамандығының студенттері Дәулет Мейрамұлы мен Аманбол Әлиев «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Турнирдің іріктеуі Алматыда өтті. Оған сол қаладан 8 команда қатысты. Іріктеуден өткен 4 команда Астанаға топтық кезеңге жолдама алды. Финал «Астана-Аренада» өтті. Ақтық сында біз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің командасымен ойнап, 3:0 есебімен жеңдік», - дейді Аманбол.
Айта кетейік, Еуразия Ұлттық университеті Ұлттық студенттер лигасының футболшылары келесі жылы Берлинде өтетін УЕФА чемпиондар лигасын көруге барады. Сондай-ақ, жеңімпаз команда жазда Түркияда өтетін студенттер арасындағы Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
Студия қонақтары тікелей эфирде доп тебуден жарысты. Толығырақ видеодан көруіңізге болады.