Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді

16 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне 60-қа жуық елден 100-ден астам делегация келеді. Сарапшылардың пайымынша, ауқымды іс-шара еліміздің халықаралық аренадағы рөлін нығайтып, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен байланысты нығайтуға жол ашады. Әуелі Өркениеттер альянсының алғашқы сьезі өтеді. Онда ғибадат орындарын қорғау жайы талқыланады. Ал 17 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Пленарлық отырыс жоспарланған. Содан кейін, 18 қыркүйекте «Бейбіт өмір – жастар таңдауы» тақырыбында жас діни лидерлер форумы өтеді.

Саманта Болатқызы, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының бас кеңесшісі:

Бұл съездің алдыңғылардан ерекшелігі – секциялық отырыстардың көптігінде. Негізгі тақырыптар жасанды интеллект пен климат мәселелеріне арналады. Неге жасанды интеллект дейсіздер ме? Өйткені бүгінде дін өкілдерінің этикасы мен оларды қорғау мәселесі аса өзекті болып тұр
Бөлісу