5 желтоқсанда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тұрар Рысқұлов – Қазақстан, Орталық Азия мен Ресейдің көрнекті мемлекет қайраткері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Шара Тұрар Рысқұловтың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Конференцияда Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі, Тұрар және тұтас Түркістан идеясы, Т.Рысқұлов және Әулие-Ата өңірі, Т.Рысқұлов – экономист және қаржыгер, Т.Рысқұлов – публицист, қазақ әдебиеті мен өнеріндегі оның бейнесі, Т.Рысқұлов және түркітану мәселелері талқыланбақ.
Конференцияны Қазақстан Ғалымдар Одағы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті және
Білім жәнем ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Экономика институты ұйымдастырады.