Түлкібас ауданында Рысқұлов мұрасы ұлықталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түлкібас ауданында Рысқұлов мұрасы ұлықталмақ

30.10.2014
Түлкібас ауданында Рысқұлов мұрасы ұлықталмақ

1 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданында М.Х.Дулати атындағы аудандық Мәдениет сарайында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 120 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.    

Шара Тұрар Рысқұлов туралы деректі фильмнің көрсетілімімен ашылады. Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Өтепбай Маткерімов жүргізеді.

Сондай-ақ, шараға Халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дархан Қыдырәлі қатысады.

Тарих ғылымдарының кандидаты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесі тарихын зерттеу орталығының директоры Ордалы Қоңыратбаев «Тұрар Рысқұлов - түркі дүниесінің ұлы қайраткері» атты баяндамасын оқиды.

Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, тұрартанушы ғалым Мұхтар Қазбек «Тұрар туралы тың деректер мен құжаттар» атты баяндамасын таныстырады.  

Ал, тарих ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті, ғылыми зерттеу орталығының директоры Ғаппар Маймақов «Т.Рысқұловтың қайраткерлік қырлары» баяндамасымен шығады.  

Хабарламаларға жазылу