Түлкібас ауданында Тұрар Рысқұловтың 120 жылдық мерейтойына арналған конференция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түлкібас ауданында Тұрар Рысқұловтың 120 жылдық мерейтойына арналған конференция басталды

01.11.2014
Түлкібас ауданында Тұрар Рысқұловтың 120 жылдық мерейтойына арналған конференция басталды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданында М.Х.Дулати атындағы аудандық Мәдениет сарайында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 120 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.    

Шара Тұрар Рысқұлов туралы деректі фильмнің көрсетілімімен ашылды. Конференция жұмысына Халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дархан Қыдырәлі, тарих ғылымдарының кандидаты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесі тарихын зерттеу орталығының директоры Ордалы Қоңыратбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, тұрартанушы ғалым Мұхтар Қазбек қатысуда.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар арасында тарих ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті, ғылыми зерттеу орталығының директоры Ғаппар Маймақов та бар.

Хабарламаларға жазылу