«Саутгемптон» Дирк Кейтке қызығушылық танытып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саутгемптон» Дирк Кейтке қызығушылық танытып отыр

23.10.2014
«Саутгемптон» Дирк Кейтке қызығушылық танытып отыр

«Саутгемптонның» бапкері Рональд Куман командасын нығайтпақ. Ол «Фенербахче» шабуылшысы  Дирк Кейтке қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, «Ливерпульден» кейін Кейт 2012 жылы Түркияға ауысқан болатын. Ал, биыл оның «Фенербахчемен» келісімшарты аяқталады.

Футболшының жасы 34-ке келсе де, Рональд Куман оның әлі де «Саутгемтонға» пайдасы тиетініне сенімді. Дирк Кейт «Ливерпуль» командасында 285 матч өткізіп, 71 гол соққан. 

 

Сурет: uefa.com

Хабарламаларға жазылу