«Арсенал» мен «МЮ» Хуммельске қызығушылық танытып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арсенал» мен «МЮ» Хуммельске қызығушылық танытып отыр

19.10.2014
«Арсенал» мен  «МЮ»  Хуммельске қызығушылық танытып отыр

«Арсенал» қысқы транфсерлік маусымда дортмундық «Борруссияның» орталық қорғаушысы Матс Хуммельсті сатып алуға ниетті.

Лондондықтар Германия ұлттық құрамасының 25 жастағы  футболшысын жазда сатып алмақ болған. Алайда, келісімге жасалмады.

Енді қаңтарда «Арсенал» Хуммельс үшін қажетті қаражатты төлеуге дайын. Трансфер құны 32 миллион фунтқа бағаланып отыр.

Сонымен қатар,  неміс қорғаушысына «Манчестер Юнайтед» та  қызығушылық білдіріп жүр. Екі клубтың Хуммельске ұсынған жеке келісімшарты барлығын анықтауы мүмкін.

 

Хабарламаларға жазылу