Ұлыбритания Қазақстанның білім нарығына қызығушылық танытып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания Қазақстанның білім нарығына қызығушылық танытып отыр

01.03.2024

Ұлыбританияның жоғары білім беру секторы, Қазақстан білім нарығына қызығушылық танытып отыр. Осыған орай, Британ Кеңесі арнайы форум өткізді. Жобада - қос диплом, бірлескен ғылыми ынтымақтастық, қашықтықтан оқыту мен дәрісте цифрлық технологияларды пайдалану сияқты бағыттарға басымдық берілген. Британ Кеңесінің CreativeSpark және InterLinks деп аталатын гранттық бағдарламалары бізде сәтті жүзеге асып келеді.

Олар екі ел арасында 1,2 миллион фунт стерлингтен астам инвестицияны құраған 20-дан астам серіктестік орнатуға көмектескен. «Алматыда Де Монфорт университетінің кампусының ашылуы және Хэриот-Уатт университеті мен Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық университеті қос дипломдық бағдарламасының нәтижесін көрсетіп отыр»,-дейді ұйымдастырушылар.

Пирс Уолл, Ұлыбритания жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігінің қызметкері:

Бұл форумда біз алдағы уақытта қалай бірлесе жұмыс істей алатынымызды талқылауға жиналдық. Қазақстан мен Ұлыбритания университеттері өзара серіктес. Бірақ әрқайсысы әр түрлі деңгейде, бірі енді бастап жатса, кейбірі бірлесіп істеген жұмыстың нақты нәтижесімен бөлісуге әзір. Студенттерге қос елдің дипломын беру жағын жалғастыруды да қарастырылып жатыр. Біз серіктестік моделін ұсынамыз, Қазақстанның әр өңіріндегі оқу орны өзі таңдай алады.

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу