Орталық Азия елдерінің V Халықаралық театр фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдерінің V Халықаралық театр фестивалі өтеді

16.10.2014
Орталық Азия елдерінің V Халықаралық театр фестивалі өтеді

2014 жылдың 25 және 31 қазаны аралығында Ақтау қаласында Мәдениет және спорт министрлігі және Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Орталық Азия мемлекеттерінің V Халықаралық театр фестивалі өткізіледі.

Шараның ресми ашылуы 2014 жылдың 25 қазанында Н. Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драмалық театрында басталады.

Сонымен қатар, фестивальді ұйымдастырушы комитетінің өкілдері және қазылар алқасы мүшелерінің қатысуымен өтетін баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Қойылымдардың көрсетілімдері 26 және 29 қазан аралығына жоспарланған. Ал, жабылу салтанаты 30 қазанында өтеді.

Хабарламаларға жазылу