Ақтау қаласында V халықаралық театр фестивалі қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау қаласында V халықаралық театр фестивалі қорытындыланды

03.11.2014
Ақтау қаласында V халықаралық театр фестивалі  қорытындыланды

Халықаралық театр фестивалінің аясы жыл өткен сайын кеңейіп келе жатыр. Ақтауда Орталық Азия мемлекеттерінің V халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының баспасөз қызметі.

Фестивальдің қазылар алқасының құрамында 7 өнер қайраткері кіріп, театр және кино режиссері Талғат Теменов төрағалық етті.  Фестивальге 9 театр, 200 әртіс қатысты.

Фестивальдің марапаттау рәсімінде облыс әкімінің арнайы жүлдесі (1000 000 теңге) Маңғыстау облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театрына М.Әуезов пен С.Цвейгтің «Зілзала» қойылымы үшін берілді.

Қазылар алқасының шешімімен 9 номинация бойынша мына театрлар марапатталды:

«Екінші пландағы үздік роль» номинациясы бойынша Н.Жантөрин атындағы театрдың актрисалары: Гюль Зиятова, Бану Манкеева, Айнұр Абенова М.Әуезов пен С.Цвейгтің «Зілзала» қойылымында сомдаған рольдері үшін дипломмен марапатталды. (Қазақстан Республикасы)

«Дебют» номинациясы бойынша Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясындағы театр ұжымының актерлері Н.Гоголь «Шинель» қойылымында сомдаған рольдері үшін кубок, дипломмен марапатталды. (Қазақстан Республикасы)

 «Үміт» номинациясы бойынша Шаршен Термечиков атындағы Шу облыстық театры С.Досановтың «Жанұран» қойылымы үшін кубок, дипломмен марапатталды. (Қырғыз Республикасы)

 «Актерлік дуэт» номинациясы бойынша 2 театр марапатталды:

1) Ато Мухаммаджанов атындағы Хатлон облыстық музыкалық комедия театрының әртістері Аловудин Абдуллaев пен Мехринисо Ходжибаева А.Кодир мен И.Усмоновтың «Лак пен Пак» қойылымында сомдаған рольдері үшін дипломмен марапатталды.

2) Өзбек ұлттық академиялық театрының әртістері Фарход Абдуллаев пен Мукаддас Халикова «Көңіл» қойылымында сомдаған рольдері үшін дипломмен марапатталды.

«Актерлік ансамбль» номинациясы бойынша Астрахань драма театрының әртістері Виолетта Власенко, Павел Ондрин мен Игорь Вакулин А.Николайдің «Любовь до гроба» қойылымында сомдаған рольдері үшін кубок, дипломмен марапатталды. (Ресей Федерациясы)

«Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша Қазақ ұлттық академиялық музыкалық драма театрының әртісі Айнұр Бермұхамбетова Ж.Ануйдың «Жанна дАрк» қойылымында сомдаған ролі үшін дипломмен марапатталды. (Қазақстан Республикасы)

Фестивальдің «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша Астана Жастар театрының әртісі Дәурен Серғазин Н.Гоголь «Ревизор»  қойылымында сомдаған ролі үшін дипломмен марапатталды. (Қазақстан Республикасы)

 «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» номинациясы бойынша Мажит Ғафури атындағы Башқұртстан академиялық драма театрының  «Rudi never off» қойылымы үшін кубок, дипломмен марапатталды. (Башқұртстан Республикасы)

«Үздік қойылым» номинациясы бойынша 2 театр марапатталды:

Астана Жастар театры Н.Гоголь «Ревизор» қойылымы үшін және Қазақ ұлттық академиялық музыкалық драма театры Ж.Ануйдың «Жанна дАрк» қойылымы үшін кубок, дипломмен марапатталды.

Хабарламаларға жазылу