V Халықаралық Платонов өнер фестиваліне Қазақстан атынан «ARTиШОК» театры қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

V Халықаралық Платонов өнер фестиваліне Қазақстан атынан «ARTиШОК» театры қатысады

06.06.2015
V Халықаралық Платонов өнер фестиваліне Қазақстан атынан «ARTиШОК» театры қатысады

Ресейдің Воронеж қаласында V Халықаралық Платонов өнер фестивалі ашылды. Оған әлемнің 24 елінен музыканттар, театр ұжымдары, әдебиетшілер мен суретшілер қатысуда.

Орыс жазушысы Андрей Платоновтың есімімен аталатын өнер фестивалі Воронеж облысында 2011 жылдан бері өткізіліп келеді.

Фестивальде биыл Қазақстан атынан «ARTиШОК» театры өнер көрсетпек. Театр ұжымы 6-7 маусым күндері режиссер Анна Зиновьева дайындаған Андрей Платоновтың «Корова» шығармасын сахналайды.  

Жалпы, шара аясында 32 спектакль, 16 концерт, 8 көрме, кинөкөрсетілімдер мен көше театрларының парады өтеді. Сонымен қатар,  әдебиет пен өнер саласы бойынша Платонов сыйлығы табысталмақ.

Сыйлық иегерлері 1 миллион рубль және фестивальдің арнайы төсбелгісімен марапатталады.

Фестивальдің жабылу салтанаты 14 маусым күні ТМД елдері опера жұлдыздарының қатысуымен өтеді. 

Хабарламаларға жазылу