Алматыда ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет регбиден өткен чемпионат аяқталды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы командалары арасындағы финалдық ойын 10:0 есебімен аяқталды.
Сәйкесінше, ҚР ҚК регбиден тұңғыш чемпионат кубогын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылар жеңіп алды. Екінші орында – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы. Қапшағай қаласының десанттық-шабуылдау бригадасының регбишілері үшінші орынды иемденді.
«Чемпионат жоғары спорттық-техникалық деңгейде өткізілді және регбидің жеке спорт түрі ретінде ҚР Қарулы Күштердің жеке құрамын даярлауда маңызы өте зор», - деп атап өтті Спорт комитеті бастығының орынбасары – дене даярлығы және спорт басқармасының бастығы полковник Б.Төленов.
ҚР ҚК тарихындағы регбиден тұңғыш чемпионатты «Eurasia-sport» спортшылар ассоциациясы ұйымдастырды.