Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия чемпионатының финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия чемпионатының финалына шықты

24.05.2023

Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия чемпионатының финалына шықты. Алматыда өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында бұрымдыларымыз Гонконг құрамасына қарсы ойнады. Кездесу қазақстандық спортшылардың жеңісімен аяқталды. Есеп 27:23. Азия чемпионатының финалы жексенбі күні өтеді. Жерлестеріміз Жапония құрамасына қарсы ойнайды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу