Садақ атудан чемпионат аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Садақ атудан чемпионат аяқталды

27.06.2014
Садақ атудан чемпионат аяқталды
Садақ атудан бір апта бойы сайысқа түскен алматылық сұрмергендер анықталды. Қала бойынша 80-ге жуық спортшы сайыста өзара мықтыларды анықтап, республикалық чемпионатқа жолдама алды.
 
70 метр қашықтықта ерлер арасында классикалық садақ атудан Ильяс Утепов пен Алексей Чернобиль жеңіске жетсе, әйелдер арасында Надежда Сельченко мен Мариям Разбан, Адина Бажан көш бастады.
 
Ал, садақ атудың екінші түрі - компаундта қыздар мен ерлер бірге күш сынасып, Андрей Лобанов пен Виктория Лян үздік атанды. Енді спортшылар 15 шілде күні Теміртау қаласында өтетін республикалық додаға дайындалады.
 
Алексей Чернобиль, «Мерген» садақ ату клубының мүшесі, 3-орын иегері: 
Жасыратыны жоқ, қазір елде садақ ату спорты кенжелеп тұр. Біз соны кеңірек насихаттағымыз келеді. Себебі бұл спорт түрі адамды шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Ерекшелігі - жас талғамайды. Сондықтан, ел болып садақ ату спортын дамытуды қолға алуымыз қажет. 
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу