Астанада боччадан Қазақстан чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада боччадан Қазақстан чемпионаты аяқталды

03.06.2023

Елордада паралимпиадалық боччадан чемпионат аяқталды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ел чемпионатының жабылу рәсіміне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Чемпионат жеңімпаздары ұлттық құрамаға қабылданады және Паралимпиада, Азия паралимпиада ойындары, челлендж сияқты ірі халықаралық додаларда Қазақстанның намысын қорғайды. Маусымның 1 мен 3-і аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен дода тартысқа толы болды. Боччадан Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 47 спортшы қатысты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Осы 3 күн ішінде біздің майталман спортшыларымызбен қатар жас боччистеріміз да өздерінің шеберліктері, өздерінің өнерін бәрімізге көрсетті. Сөйтіп барлық жанкүйерлерге ата-аналарына керемет тамаша көңіл-күй сыйлады.


Хабарламаларға жазылу