«Қазақстан» арнасы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» арнасы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалын тікелей эфирде көрсетеді

29.06.2015
«Қазақстан» арнасы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалын тікелей эфирде көрсетеді

Финалда іріктеуден өткен 32 спортшы мен 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» бақ сынайды.

Дүбірлі доданы «KAZsport» телеарнасы 4 шілде күні 12:50-ден бастап барлық белдесулерді тікелей эфирде көрсетеді.

Сонымен қатар, жарыстың финалдық кездесулері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 17:45-те тікелей эфирде көрсетіледі.

Турнирдің финалы 4 шілдеде Астанада өтеді. Жарыстың жеңімпазы 150 мың АҚШ долларын, автокөлік, чемпиондық белбеу мен алтын «Тайтұяқ» иеленеді.

 

 

Хабарламаларға жазылу