«Әлем аруы-2014» байқауына қатысатын қазақстандық арудың есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем аруы-2014» байқауына қатысатын қазақстандық арудың есімі белгілі болды

27.10.2014
«Әлем аруы-2014» байқауына қатысатын қазақстандық арудың есімі белгілі болды

«Қазақстан аруы-2013» Айдай Исаева «Әлем аруы-2014» сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Байқау 25 қаңтарда АҚШ-тың Майами қаласында өтеді. Додада 126 елдің арулары бақ сынамақ. «Әлем аруы» 200-ден астам елге тікелей трансляцияланады.

Айта кетейік, 25 жастағы Айдай Исаева – С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің түлегі. Ол отбысылық дәрігер болып қызмет атқарады. Әзірге оның қандай сән үлгісін көрсететіні белгісіз. Алайда, «Қазақстан аруы» отандық дизайнер Неиля Байкучуковтің үлгілерін кигісі келетінін мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу