ТURKVIZYON – 2014 ән байқауына өтінімдер 12 қазанға дейін қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТURKVIZYON – 2014 ән байқауына өтінімдер 12 қазанға дейін қабылданады

08.10.2014
ТURKVIZYON – 2014 ән байқауына өтінімдер 12 қазанға дейін  қабылданады

ТURKVIZYON – халықаралық деңгейдегі жаңа ән байқауы. Мақсаты – түркі елдері арасындағы мәдени байланысты нығайту. Байқауға қатысу үшін өтінімдер www.turkvizyon.kz сайты арқылы 12 қазанға дейін қабылданады.

Айта кетейік, Turkvizyon-2014  ән байқауы 19-21 қарашада Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өтеді. Ал, 15 қазанда қазақстандық орындаушыларды іріктеудің жартылай финалы ұйымдастырылады. Оларды арнайы қазылар алқасы таңдайды. Байқауға тек қазақ тіліндегі жаңа әндер іріктелмек.

Хабарламаларға жазылу