Журналистика саласы бойынша Энтони Бёрджесс атындағы жүлде тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистика саласы бойынша Энтони Бёрджесс атындағы жүлде тағайындалды

03.09.2014
Журналистика саласы бойынша Энтони Бёрджесс атындағы жүлде тағайындалды

Энтони Бёрджесс атындағы халықаралық қор британиялық «The Observer» басылымымен бірлесіп, журналистика саласында Энтони Бёрджесс жүлдесін тағайындады.

Байқауға  барлық елдің журналистері қатыса алады. Жүлде бұрын баспасөзде немесе электронды БАҚ-та жарияланбаған жаңа өнер туындысы туралы үздік материалға беріледі.

Қазылар жұмыстың шынайылығы мен мазмұндылығына және «The Observer» басылымында жариялауға лайықты болуын бағаламақ.

Жеңімпазға 2000 фунт стерлинг көлемінде қаржылай сыйақы беріледі. Байқауға қатысу құны – 10 фунт стерлинг.

Өтінімдер 31 қазанға дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу