«ТURKVIZYON-2014» байқауында Қазақстан атынан кім қатысады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ТURKVIZYON-2014» байқауында Қазақстан атынан кім қатысады?

02.10.2014
«ТURKVIZYON-2014» байқауында Қазақстан атынан кім қатысады?

Қазақстанда «ТURKVIZYON-2014» халықаралық ән байқауына қатысуға ниет білдіргендердің өтініштерін қабылдау басталды. Байқау РФ Татарстан Республикасының Қазан қаласында 19-21 қараша аралығында өтеді.

Биыл конкурста 20-дан астам елдің өнерпаздары бақ сынасады. Конкурстың аудиториясы – 300 миллион телекөрермен. Шараны ұйымдастырушылар - ТMB TV және «TÜRKSOY» Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы.

15 қазан күні Алматыда қазақстандық орындаушылардың жартылай финалы өтеді. Оларды танымал қазақстандық музыканттар мен шоу-бизнес мамандары таңдайды.

Хабарламаларға жазылу