«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылданады

29.06.2015
«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылданады

Қазақстанның Журналистер одағы ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, шетелдік БАҚ-та жарияланған үздік материалдарға байқау жариялайды. «Қазақстан шетедік БАҚ көзімен» атты байқаудың тақырыбы еліміздің экономикасы мен саудасын, мәдениеті пен салт-дәстүрін, тарихын, туризм және қазіргі қоғамды қамтуы тиіс.

Байқау шарты бойынша, материалдың көлемі 1500 сөзден кем болмауы, сондай-ақ, 2015 жылдың 1 қаңтары мен 30 маусым аралығында ағылшын және орыс тілдерінде жариялануы тиіс.

Жеңімпаздар Қазақ еліне саяхаттауға тегін тур ұтып алмақ, деп хабарлайды ijnet.org

Хабарламаларға жазылу