Қазақстандық композитор голливудтық фильмге саундтрек жазды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық композитор голливудтық фильмге саундтрек жазды

06.10.2014
Қазақстандық композитор голливудтық фильмге саундтрек жазды

Әлім Зайыров украиналық әріптесі Роман Вишневскиймен бірге «Америкалық тонау» фильміне саундтрек жазды. Картинаның әлемдік көрсетілімі Торонтода өтті. Ал, айналымға фильм Жаңа жылдан кейін шығады, деп хабарлайды «Экспресс К».

«Мен сыншылардың пікірін оқыдым. Біздің музыкамыз оларға ұнаған сыңайлы. Бұл тәжірибе біздің кинематография саласына жасаған маңызды қадамымыз болады, деп үміттенемін»,-дейді музыкант.

2014 жылдың басында Әлім «Enjoy Movies» компаниясының музыкалық продюсері Арташес Андреасянмен танысады. Қазақстандық композитор оған өзінің альбомын береді. Ал, екі айдан соң продюсер ресейлік «Мафия» фильмінің композиторы болуға ұсыныс жасайды.

Кейін «Америкалық тонау» фильміне бірнеше үлгі тастайды. Нәтижесінде олар келісімшартқа отырып, 4 айдың ішінде музыкасын да жазып үлгереді.

Бір қызығы, Зайыров пен Вишневский бірде бір рет шын өмірде кездесіп көрмеген. Олар тек онлайн режимінде араласады екен.

Хабарламаларға жазылу