Кристиан Бэйл Энцо Ферраридің рөлін сомдаудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кристиан Бэйл Энцо Ферраридің рөлін сомдаудан бас тартты

23.01.2016
Кристиан Бэйл Энцо Ферраридің рөлін сомдаудан бас тартты

Кристиан Бэйл Энцо Ферраридің өміріне арналған биографиялық фильмге түсуден бас тартты, деп хабарлайды Variety. Басты себеп – актердің түсірілім басталғанша образды сомдауға керек салмақты жинап үлгермеуі.

Еске сала кетейік, Кристиан Бэйл өткен жылы голливудтық бірнеше киножобаға қатысу үшін салмағын өзгерткен еді. Оған кейде, тіпті, ондаған килограмға арықтауға тура келген. 

Енді режиссер Майкл Манн аз уақытта Бэйлдің орнына басқа біреуді табу қажет. Өйткені фильм түсірілімдері 2016 жылдың көктемінде басталады.

Айта кетейік, бұл кино жазушы Брок Йетстің 1991 жылы шыққан «Enzo Ferrari: The Man, The Cars, The Race, The Machine» («Энцо Феррари: Адам. Автокөлік. Гонка. Машина») шығармасы негізінде түсіріледі. Кітапта италиялық атақты автокөлік құрастырушы мен кәсіпкер Энцо Ферраридің табысы туралы жазылған.

Майкл Маннның айтуынша, ол Феррари туралы кино түсіруді көптен бері армандаған. Алайда, бұл идея голливудтық студияларда тек осы жылы қолдау тапты. 

Хабарламаларға жазылу