Қазақстандық өнерпаздар әлемдік чемпионатта гран-при жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық өнерпаздар әлемдік чемпионатта гран-при жеңіп алды

01.08.2022

Қазақстандық өнерпаздар топ жарды. Құлағы нашар еститін балалар арасында АҚШ-та өткен әлемдік чемпионатта Петропавлдық би ансамблі гран-при жеңіп алды.

Жарыс голливудтық форматта өтті. Оған әлемнің 72 елінен келген үш мыңнан аса адам қатысты. Ел намысын қорғаған "SENSITIVE" би ансамблі үшінші топтағы мүгедектер мен есту қабілеті төмен балалардан құралған. Финалда олар АҚШ, Ирландия, Франция, Австралия, Канада және Германия өкілдерімен сайысқа түсті.

Сондай-ақ, Артем Радица есімді отандасымыз жас модельдер арасында бақ сынап, жартылай финалға өтті. Осылайша ол АҚШ-тағы үш бірдей модельдік агенттіктен жұмысқа шақырту алды.


Хабарламаларға жазылу