Ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім қабылдау аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім қабылдау аяқталады

15.03.2023

Бүгін «Nauryz» Ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім қабылдау аяқталады. Байқау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен биыл алғаш рет ұйымдастырылуда. Бәйгеге 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде, YouTube және басқа да платформаларда көрсетілген сериалдар қатыса алады. 13 номинация бойынша жеңімпаздар анықталады. Сериалдардан бөлек, үздік актер, режиссер, сценарист, қоюшы-оператор, монтаж, саундтрек анықталады. Жеңімпаздар осы айдың соңына дейін белгілі болады. Оларға NAURYZ арнайы мүсіншесі және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу