Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга арасындағы теннис матчын тамашалады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы жарыс алдында әйгілі теннисшілерді қабылдап, кездесу барысында олардың осы келісі еліміздегі теннистің бұдан әрі дамуы үшін маңызды екендігіне тоқталды.
Теннисшілер Қазақстанға келу олар үшін үлкен құрмет екенін атап өтті. Олар өздерінің келуі және матч өткізуі біздің елімізде тенниске қызығушылықты арттыратынына сенімдерін білдірді.
Кездесудің соңында Р.Надаль өзінің ракеткасын Елбасына тарту етті.
Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга елімізге сапары аясында қазақстандық жас теннисшілерге - «Team Kazakhstan» академиясының тәлімгерлеріне шеберлік дәрісін өткізді және Астананың көрікті жерлерін аралап көрді.
ҚазАқпарат