Australian Open Juniors: Әмір Омарханов алға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Australian Open Juniors: Әмір Омарханов алға шықты

20.01.2024

Жасөспірімдер арасындағы Australian Open чемпионатында Әмір Омарханов жарыстың бірінші ракеткасын жеңді. 

Австралиядан жағымды жаңалық! Жасөспірімдер арасындағы Australian Open чемпионатында Әмір Омарханов жарыстың бірінші ракеткасын жеңді. Қазақстандық теннисші бірінші айналымда италиялық Федерико Синамен шеберлік сынасты. Бірініші партияда жасөспірімдер арасындағы әлемнің төртінші ракеткасы алға шыққанымен, екінші мен үшінші сетте Әмір Омарханов есесін қайтарды. Кейінгі екі партия да 6:3 есебімен аяқталды. Тартысты бәсеке бір сағат 37 минутқа созылды. Әмір Омарханов енді екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездеседі.


Хабарламаларға жазылу