Australian Open: 16 жастағы теннисші әлемнің алтыншы ракеткасын жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Australian Open: 16 жастағы теннисші әлемнің алтыншы ракеткасын жеңді

17.01.2024

Australian Open-де жаңа жұлдыз! 16 жастағы теннисші әлемнің алтыншы ракеткасын ойсырата ұтты. WTA рейтингі бойынша 47-орындағы ресейлік теннисші Мирра Андреевадан, сірә, мұндай нәтижені ешкім күткен жоқ. Ол тунистік Онс Жабёрді екінші кезеңде 6:0, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Өрімдей қыз осылайша Аустралияның ашық біріншілігіндегі әйелдер арасындағы жекелей сында әлемдік үздік ондыққа кіретін теннисшіні жеңген ең жас ойыншы болып отыр. Тарихи кездесу небәрі 56 минутқа созылған.

Мирра Андреева, теннисші:

Ұдайы матчтарын тамашалап, шабыт алатын кумиріммен бәсекеге түсер кезде қатты қобалжыдым. Алғашқы сетте тамаша ойын көрсеттім деп ойлаймын. Ал екіншісінде сол жетістігіме масаттанбай, теннистен барынша ләззат алуға тырыстым. 


Хабарламаларға жазылу