Ефенди көрермендерге өзінің кумирі Beyonce-тің репертуарындағы әнді тарту етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ефенди көрермендерге өзінің кумирі Beyonce-тің репертуарындағы әнді тарту етті

10.12.2017

Ал, «Silk Way Star» сахнасына келесі болып шыққан үміткердің кумирі америкалық әнші Beyonce екен. Оның ән айту шеберлігіне, сахнадағы қимылына ғашық Ефенди сүйікті әншісі жайлы былай дейді: «Ол сахнаға ханшайым секілді шығады. Кей кездері ән айту мәнерін, көзқарасын, қолдарын қалай қимылдататынын, эмоциясын, ернін, қасын – барлығын қайталауға тырысатынмын».

 

Тоғызыншы жарыс күні Ефенди Beyonce-тің «Listen» деп аталатын әнін орындады.

 

Қазылар алқасының мүшесі Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан):

 

- Бұл шын мәнінде күрделі ән. Мелизмдерге толы. Бірақ, қойылым өте әдемі болды. Сенің көйлегің сондай әдемі көрінді. Басындағы төменгі ноталарда сенің даусың әдемі шықты. Тамаша орындадың деп ойлаймын. Жарайсың!

Хабарламаларға жазылу