Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарында жауын-шашын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарында жауын-шашын болады

25.08.2014
Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарында жауын-шашын болады

25 тамыз күні республиканың басым бөлігінде аптап ауа райы сақталады. Тек елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде және орталығында жел күшейіп,  жауын-шашын болады деп күтілуде. Ал түнде тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман түседі, жел күшейеді. Қызылорда және Жамбыл облыстарында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысында күндіз, Атырау облысында түнде және таңертең найзағай болуы мүмкін.

Күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында аптап ыстық сақталады.

Елдің оңтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталығының кейбір жерінде аса ыстық болуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу